Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшелерден іздеп жүрмін": Мөлдір Әуелбекова болашақ күйеуіне үндеу жасады

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі парақшасында болашақ күйеуіне арнап әзілге толы жазба жариялады.

Эстрада жұлдызының жазбасы әдеттегідей қызу талқыға түсті.

"Айналайын, болашақ жарым. Сені көшелерден іздеп жүрмін, қайдасың?" - деп жазды Мөлдір.

Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды.

"Мен көргенмін оны", "Жұмыста жүрмін ғой", "Енді ешкімді іздеме, керек адамды Алла өзі жібереді", "Сен оны емес, ол сені іздесін", "Мен де іздеп жүрмін", "Тезірек табылсын", "Бар бақытқа лайықсыз ғой", "Өзіңізді қабылдай алмайтын сияқтысыз", "Екі-үш рет тидің ғой", "Жетпей ме? Ерсі екен", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115165-koshelerden-izdep-zhurmin-moldir-auelbekova-bolashaq-kuieuine-erekshe-undeu-zhasady/