Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатқындық жасау керек болды": Дина Төлепберген өмірдегі қиын кезеңін еске алды

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген өмірдегі қиын таңдау жасаған сәтін еске алды. Ол басынан өткен оқиғасын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Дина Төлепберген жазбасын "Айнада адал бол" деп атады.

"Кейде өмірде қиын таңдаулардың алдында тұрасың. Менің де от пен судың арасына топ етіп түскен жайым бар. 21 жасымда басымнан өткен бұл оқиғаны студенттерге айтып беріп едім.

Қысқаша баяндасам, маған не сатқындық жасау, не рахат өмірді таңдау керек болды. Бассыздыққа барсам, бастықтарым айлығымды екі есеге көтеріп, жалға пәтер беріп, кешкі жаңалықтардың жүргізушісі етіп қояды-мыс.

Әрине, қазір ойланбай-ақ шешім қабылдар едім. Бірақ 21 жасымда маған өте ауыр болды. Баспанам жоқ. Жарты жылға жетер ақшам жоқ. Және дәл арманымның алдына келіп тұрғанда, бас тартуым дұрыс па деген ойлар болды.

Мамама хабарластым. Сонда оның айтқаны: "Қызым, айнаға қарашы. Айнадан ұялмайтын Динаны көрсең, демек дұрыс жолда жүргенің!" - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115276-satqyndyq-zhasau-kerek-boldy-dina-tolepbergen-omirdegi-qiyn-kezengin-eske-aldy/