Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірге деген көзқарасымды өзгерттің": Мөлдір Әуелбекова қызына әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қызын туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында қызын қалай құттықтағанын көрсетіп, оған аналық ақ тілегін жолдаған. Бейнежазбада әнші ұлымен бірге қызының бетінен сүйіп, оған үлкен торт тарту еткен.

"МашаАллаh! Өмірге деген көз қарасымды түбегейлі өзгерткен ақ қызым Айаруым! Туған күніңмен, ақ жүрегім! Ер жүрегім Салтай екеуімізге еркелеп, көз қуанышымыз болып жүре бер", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары құттықтаулар легін жалғастырып, эстрада жұлдызының қызына игі тілектерін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115348-omirge-degen-kozqarasymdy-ozgertting-moldir-auelbekova-qyzyna-aserli-zhazba-arnady/