"Орамалды қылғынып таға алмаймын": имиджін өзгерткен Құрманай Бақтиярқызы елден сөз естіді
Жарияланған күні:
Отандық танымал композитор, ақын Құрманай Бақтиярқызы имиджін өзгертіп, оқырмандарынан сөз естіп қалды. Қалың көпшілік өнер иесі орамалын тастап кетті деп болжап, оны сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Құрманай Бақтиярқызы өзін сынға алғандарға Instagram-дағы парақшасында жауап берген. Ол бүгінде орамалын бұрынғыдай таға алмайтын болғанын айтты.
"Ояна сала телефон ұстайтын заман болды. Осы хатты оқып, көңілім көтеріліп қалды. "Шыдаймын" деген Қайраттың әнінің тақырыбын өзім қойғанмын. Шыдаймыз сол үшінде Аллаға ұнаймыз. Алла тағалам да шыдамдылықты ұнатады. Мен орамалымды тастаған жоқпын Алла сақтасын. Тек қылқынып таға алмаймын. Арасында имиджді өзгерткенге дайрект толып қалып жатыр", - деп жазды композитор.
Сонымен қатар желі қолданушылары күрделі отадан кейін Құрманай Бақтиярқызы қаттыарықтап, өзгеріп кеткенін байқаған.
"Қатты салмақ тастапты", "Құрманай ханым қатты арықтап кетіпті, Танымай қалдым", "Қандай ажарлапнып кеткенсіз. Мына болмысыңыз сізге жарасады екен", "18 жастағы қыздай болып қалыпсыз", "Одан бетер көрікті болып кетті", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115372-oramaldy-qylgynyp-taga-almaimyn-imidzhin-ozgertken-qurmanai-baqtiiarqyzy-elden-soz-estidi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.