"Сен кеткелі сөнді жарық күн": марқұм ұлын еске алған Әсел Асқар елді жылатты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар желіде марқұм ұлының видеосын жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Әсел Асқар марқұм ұлын еске алып, Instagram-дағы парақшасында әсерле жазба жариялады. Актриса бүгінде перзентін қатты сағынып жүргенін айтып, көпшілікке мұрағаттық видеоны көрсетті.
"Сағындым сені, балам. Сен сыйлаған маған бақыт қаншама, сен кеткелі сөнді жарық күн. Шуағым менің", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары блогер арудың жазбасынан кейін түрлі пікір қалдырып, оған барынша қолдау білдіруге тырысты.
"Сіздің видеоларыңызды көрген сайын жылаймын", "Сізді ешбір жан түсіне алмайды. Мықты болыңыз", "Ешкімнің басына түспесін. Әсел, сіз өте мықты әйелсіз", "Жүрегім ауырып кетті. Көз жасым тоқтар емес", "Аналарды баламен сынымасыншы", "Мұндай жағдай менің де басымнан өтті. Сізді түсінемін", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115414-sen-ketkeli-sondi-zharyq-kun-marqum-ulyn-eske-algan-asel-asqar-eldi-zhylatty-video/