Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүгедек болып қалмаймын ба деп ойладым": "Меломен" әншісінің әйелі ажырасуына қатысты өз шындығын айтты

Опубликовано:

Нұрила Ақберген
Нұрила Ақберген. Фото: Instagram/nurillaakbergen

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген әртіспен неліктен ажырасқанын айтты. Блогер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрила Ақберген журналист Анна Данченкоға сұқбат беріп, жеке өмірі туралы баяндады. Ғабит Бибасыұлының бұрынғы келіншегі ажырасу шешімін қалай қабылдағанын айтып берді.

"Біз алты жарым жылдай бірге өмір сүрдік. Біздің шешімге ешкім араласқан жоқ. Бір адам шешім қабылдаса, ол шешімді өзгерту үшін үшінші адам керек емес (...). Қанша жерден айтсақ та, адам қаласа болады, қаламаса болмайды. Біздің жағдайда бұл менің шешімім болды. Қазір әйелдің құқығы қатты қорғалып жатыр. Оған өте қатты қуаныштымын. Мүмкін мен бала болған шығармын. Бір кездері әйел мінсіз болу керек деп ұққан шығармын. Ол бәріне үлгеру керек деп ойладым. Өзім 5 жыл үйде отырдым. Бес жыл бойы тамақ істеуді үйрендім, бизнесті де жүргіздім. Өте жақсы әйел болдым деп айта аламын. Керемет келін болдым деп айта алмаймын. Себебі ата-енеммен бірге тұрған жоқпын. Бұл жерде ата-енемнің, туыстарының не болмаса бұрынғы жолдасымның ықпалы емес. Таза өз шешімім. Іштегі Нұриламен мәмілем осындай болды", - деп ағынан жарылды блогер ару.

Сонымен қатар Нұрила Ақберген бала босанғаннан кейін отбасылық өмірі өзгеріп, проблемалар туындай бастағанын айтты.

"Жан-жағыма қарасам, барлық әйел өмірінде бір рет болсын соққы алған. Бәрі жақсы болатынын күттім. Адам өзгереді деп уақыт бердім. Бірақ соңы осы болды. Мен желіде бәрін айтып жариялаған соң, оның туыстары маған қатты ренжіді. Ол өз беделіне нұсқан келіп жатқанын айтты. Бірақ менің ар-намысым, менің беделім ешкімді мазаламады. Жүйелі тұрғыда дейтіндей бұның бәрі бала босанғаннан соң басталды. Бастапқыда жеңіл ойлайсың. Бұл кезең де өтеді деп ойладым. Бишімбаевтың соты маған қатты әсер етті. Негізі өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы рет маған "мен мүгедек болып қалмаймын ба?" деген ой келді. Содан кейін шешім қабылдадым. Бұрынғы жолдасым "бір шапалаққа бола" деп айтып жүр екен. Бір шапалақты үш жұдырық деп айтар едім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115450-mugedek-bolyp-qalmaimyn-ba-dep-oiladym-melomen-anshisining-aieli-azhyrasuyna-qatysty-oz-shyndygyn-aitty/