Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақтарға кедергі келтіреді": Мөлдір Мұқанова тойға мобилографпен баратындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова
Мөлдір Мұқанова. Фото: Instagram/moldir.mt

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде той мәдениетін сөз етіп, біреудің қуанышына мобилографымен баратын қонақтарды сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Продюсер той-томалақтарға мобилографтарын ертіп баратын блогер қонақтарға Instagram-дағы парақшасында үндеу жасады.

"Той мәдениеті және мобилографтар мәдениеті деген ой біразыңыздың көкейіңізде жүрген де болар. Жаз айлары, қазақтың қазынасы – той маусымы ғой. Дәулет Мұқаев досымның "қалтаңа қарай көсіліп, той жаса" деп үндеу жасап жүргенімен, балам қатарынан кем болмасын немесе біреудің тойының деңгейінен қалғымыз келмей үлкен қаржы жұмсар той жасаймыз. Қадірлі қонақтарымызды төрге шығарамыз, дастарханды дәмді тағамға толтырамыз. Шоу-бағдарламаны ұйымдастырып, қонағының көңілін көтеруге барымызды саламыз ғой енды. Сәйкесінше, қонақтар да барынша әдеміленіп, сыйлығын алып, уақытын бөліп келеді.

Айтайын дегенім, мобилографтарымен баратын блогер қонақтар, немесе телефонға видеоға түсіретін қонақтар, той залында отырған басқа да қонақтарға кедергі келтіріп, тұрып алып, сахна жақты жаппасаңыздар екен. Әдемі әншіні, басқа да әдемі көріністерді қонақтар барлығы көріп, көңіл-күйлері жайлы болып отырғаны тамаша ғой. Түсінемін, менде де мобилограф бар, маған да әдемі кадрлар керек. Бірақ біреудің қақысына кірмеуіміз керек", - деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Сонымен қатар Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тойға баламен баратындар туралы да пікір білдірді.

"Келесі ойым, тойға баламен бару. Балаға да бұл той қызық емес, өзіңізді де шаршатады, қонақтардың да мазасын алуы мүмкін. Той иесіне де ыңғайсыздық тудырары шындық. Есептеулі орыны жетпей қалуы мүмкін, ойнап жүрген бала бірдеңеге ұрынып қалмасын деп алаңдап та қалады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115501-qonaqtarga-kedergi-keltiredi-moldir-muqanova-toiga-mobilografpen-baratyndarga-undeu-zhasady/