Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асты түгел шіріп кеткен": Мақпал Жүнісова тозығы жеткен үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова үйіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті. Өнер иесінің сөзінше, үйінің құбырлары әбден тозған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, көпшілікке үйінің қазіргі жағдайын көрсетті. Бейнежазбада әнші не себепті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болғанын түсіндірген.

"Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой", - деді Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115594-asty-tugel-shirip-ketken-maqpal-zhunisova-tozygy-zhetken-uiin-korsetti-video/