Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше стильде киініп алған Ақылбек Жеменей елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Ақылбек Жеменей
Ақылбек Жеменей. Фото: Instagram/zhemeney

Отандық танымал әнші Ақылбек Жеменей желіде жаңа сурет жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Өнер иесі көпшілікті ерекше стилімен таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақылбек Жеменей аталмыш фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда шоу-бизнес жұлдызының аса заманауи стильде киініп алғанын көруге болады.

Өнер иесі көпшілік назарын мойнына тағып алған шынжыр алқасына аударып, оқырмандарынан оның салмағы қанша болуы мүмкін екенін сұрады.

Желі қолданушылары көп күттірмей кері байланыс беріп, әншіге өз болжамдарын жарыса жазды.

Сонымен қатар оқырмандар Ақылбек Жеменейдің стиліне де жоғары бағасын берді. Кейбірі оны мұндай стильде көріп, қатты таңғалып қалғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115627-erekshe-stilde-kiinip-algan-aqylbek-zhemenei-eldi-tanggaldyrdy-foto/