Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның құрметті азаматы" атанған Еркебұлан Тоқтар өзін сынағандарға жауап берді (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: Instagram/ erkebulan_toktar

Жақында отандық актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" марапатына ие болды. Халық арасында киножұлдызды бұл атаққа лайық емес деп танығандар да табылды. Өнер иесі көп ұзамай өзін сынағандарға жауап берді.

Еркебұлан Тоқтар аталған мәселеге қатысты "Revuenews" бағдарламасында пікір білдірді.

"Жалпы марапат, орден дегенге жоқпын. Үйдегілерге "бармаймын" деп айтқанмын. Оны үлкен кісілер алып жатады, халық та түсінбейтін шығар дедім.

Бұрын қатты ашуланатынмын, біреуге бірнәрсе дәлелдегім келетін. Қазір маған ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ", - деді Еркебұлан Тоқтар.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" атағын актерден бөлек, Жұлдызай Дүйсенбиева, Нұржан Қалжан, Фариза Жолдасова мен Рүхия Байдүкенова алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115669-qazaqstannyng-qurmetti-azamaty-atangan-erkebulan-toqtar-ozin-synagandarga-zhauap-berdi-video/