Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа әртіс болар ем": Orda тобының концертінен шыққан Әли Оқапов ағынан жарылды

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

Отандық эстрада жұлдызы Әли Оқапов Orda тобының концертінен кейін ағынан жарылды. Ол өнердегі әріптестеріне алғыс айтып, ақ тілегін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Orda тобына қатысты пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Концерттен кейiн өзіміз отырып шай ішіп, концертті талқылап бітіп, үйге жаяу шығып бара жатсақ, кештің бас кейіпкерлері өздері үйге қайтып бара жатыр екен. Өздеріне әсерлерімізді айтып, алғысымызды жеткіздік", - деп бастады ол.

Артынша өнер иесі әріптестерін бала кезден тыңдап өскенін айтты.

"Мен алғашқы концерттеріне (2009) бала болып барып едім, екінші концерттерінде (2012) студент едім , ал енді бүгінгі концерттерінде әке статусында болдым. Бірақ әрқашан жанкүйері болып қаламын. Шынымен әндерін тыңдап өстім.

15 жасымнан бастап олардан шәкірт ретінде оқып-үйрендім, бүгін әріптеспін! Қысқасы, ORDA болмағанда, Әли де мүмкін басқа әртіс болар еді (тіпті әртіс болса). Сондықтан рақмет, ORDA!" - деді ол.

Әли Оқапов Orda тобынан 25 жылдық мерейтойға арнап концерт беруді талап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115699-basqa-artis-bolar-em-orda-tobynyng-kontsertinen-shyqqan-ali-oqapov-agynan-zharyldy/