Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұлай болмауы керек еді": Анна Данченко жылап қалған Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелін жұбатты

Жарияланған күні:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко "Меломен" әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенге қолдау білдірді. Ол қызу талқыға түскен сұқбатынан кейін сынға ұшырап, жылап қалған келіншекті жұбатуға тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабит Бибасыұлының экс-келіншегі Нұрила Ақберген әлеуметтік желіде жылап тұрған видеосын жариялап, өзін сынап жатқандарға жауап берген болатын.

Блогер арудың аталмыш видеосын өзінен сұқбат алған журналист Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында жүктеп қойған. Тележүргізуші әншінің бұрынғы әйеліне қолдау білдіріп, оны жұбатуға тырысқан.

"Бұлай болмауы керек еді. Жыламаңызшы" , - деп жазды Анна Данченко.

Анна Данченконың Stories-i
Анна Данченконың Stories-i. Скриншот: Instagram/ann_2905

Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенннің сұқбатынан кейін желіде үлкен сынға ұшырады. Әншінің экс-келіншегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жұлдызды күйеуі өзіне қол көтергенін жеткізді.

Алайда Нұрила Ақбергеннің сөздерін "Меломеннің" әншісі Қайрат Мырзаханов жоққа шығарып отыр. Ол желіде жазба жариялап, әріптесі Ғабит Бибасыұлына қолдау білдірді.

Ғабит Бибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға алғаш рет пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116830-bulai-bolmauy-kerek-edi-anna-danchenko-zhylap-qalgan-gabit-bibasyuluynyng-buryngy-aielin-zhubatty/