Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәріп Серік түсірілім кезінде көпқабатты үйдің шатырынан құлады (видео)

Жарияланған күні:

Шәріп Серік
Шәріп Серік. Фото: instagram.com/ revuenews

Отандық актер Шәріп Серік түсірілім кезінде көпқабатты үйдің шатырынан құлады. Актер жұмыс барысындағы қызық жайттарды "Revue News" бағдарламасында айтты.

Киножұлдыз қазір жаңа кинотуындыда басты рөл cомдағалы жатыр. Ал бұл – фильм сахнасының бірі.

"Бүгін таңертең тұрғанда бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Бұл сахнаны қашан түсіреді деп ойлап жүр едім. Бірден екінші ауысымға қойды. Шатырдан секіретін сахна менің тәжірибемде бірінші рет болып тұр. Қорқынышты екен", - деді актер.

Айта кетейік, жақында ғана актер сүйіктісін туған күнімен құттықтаған болатын. Көпшілік Шәріп Серік пен оның ғашығына бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117493-sharip-serik-tusirilim-kezinde-kopqabatty-uiding-shatyrynan-qulady-video/