Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұқсайды екен": сүйіктісін туған күнімен құттықтаған Шәріп Серік қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Шәріп Серік сүйіктісімен
Шәріп Серік сүйіктісімен. Фото: instagram.com/ shakentii

Көпшілікке "Шакенти" ретінде танымал актер Шәріп Серік сүйіктісін туған күнімен құттықтады. Ол ғашығының жекеменшік мерекесіне орай арнайы видео дайындаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Киножұлдыз видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Мен сені жақсы көремін", - деп қысқа қайырды ол.

Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Олардың арасында актерге бақыт тілегендер де жетерлік.

"Осындай қарапайым қыздарға не жетсін", "Нәзік қыз", "Бір-біріне ұқсайды екен", "Анаңызға ұқсайтын сияқты", "Сұлу қыз екен, бақытты болсын", "Сізге лайық қыз", "Бақытты бол, әке-шешеңе жақсы келін болсын", "Әдемі жұп", "Сендер үшін қуаныштымын" - деді жұрт.

Желі оқырмандарының арасында Шәріптің бұрынғы қарым-қатынасына қатысты да ойын айтқандар табылды. Актер пікірлердің ешқайсысына жауап берген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2114625-uqsaidy-eken-suiiktisin-tugan-kunimen-quttyqtagan-sharip-serik-qyzu-talqyga-tusti-video/