"Санаңа берсін": Ғабит Бибасыұлы желіде бұрынғы әйеліне жазба арнады
Жарияланған күні:
Басы дауға қалған "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы желіде бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенге жазба арнады. Экс-келіншегі оны некеде болғанда "зорлық-зомбылық көрсетіп, қол көтерді" деп айыптаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ғабит Бибасыұлы бұл даулы жағдайға қатысты сұқбат беріп, өз шындығын айтқысы келетінін жасырмады. Алайда келіншегінің ар-намысы мен болашағын ойлап, үнсіздік сақтауға шешсе керек.
"Сұқбат берейін десем "Керек емес, ұят болады. Ол да қазақтың қызы обал болады" деп ұстап отырғандары-ай. Есін жиса түсінер, санаңа берсін", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергенннің сұқбатынан кейін желіде үлкен сынға ұшырады. Әншінің экс-келіншегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, жұлдызды күйеуі өзіне қол көтергенін жеткізді.
Алайда Нұрила Ақбергеннің сөздерін "Меломеннің" әншісі Қайрат Мырзаханов жоққа шығарып отыр. Ол желіде жазба жариялап, әріптесі Ғабит Бибасыұлына қолдау білдірді.
Әншінің бұрынғы әйелі бүгін желіде "соққы алған" кезінен видео жариялап, отбасылық өмірі туралы өз шындығын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117658-sananga-bersin-gabit-bibasyuly-zhelide-buryngy-aieline-zhazba-arnady/