"Кеңсеме соңғы рет келуі еді": Тамара Асар марқұм әкесін есіне алып, әсерлі жазба жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар желіде әкесіне әсерлі жазба арнап, оған деген сағынышын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Тамара Асар әкесі туралы жантебірентерлік жазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Өнер иесі асқар тауы әкесінің өз кеңсесіне соңғы рет келген сәтін көрсеткен.
"Әкелердің мерейі артсын! Менің әкем мен үшін әлемдегі ең биік адам. Пайғамбардың елшісіндей нұрланған жүзің мәңді менің жүрегімде. Сенің берген жылуың мәңгі менің бойымда. Қуат алар күнім менің әкем. 2019 жылдың 8 наурызында менің кішкентай шығармашылық офисіме соңғы рет келуі еді", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119185-kengseme-songgy-ret-kelui-edi-tamara-asar-marqum-akesin-esine-alyp-aserli-zhazba-zhariialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.