Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не үшін өнер адамына үйлендім": Әли Оқапов өз отбасы туралы бар шындықты айтты (видео)

Жарияланған күні:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында жұбайымен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Ол әйелі Ақерке Бүркітбайдың кез келген бастамасын қолдайтынын айтты.

Әли жұбайына қазіргі уақыттың өзінде ұсыныстар көп түсетінін жасырмады. Дегенмен Ақерке Бүркітбай үшін отбасы бірінші орында екен.

"Қазір ұсыныстар түседі. Келісім беріп жүрмін. Бірақ ол бірінші Зейінді ойлайды. Кесте бойынша оған көңіл бөле ала ма, жоқ па дегендей. Тіпті, гәстрөлдік сапардың өзі ұзақ болып кетсе немесе Зейінді бірге алып кетуге мүмкіндік болмаса, бас тартады.

Мен ешқандай шектеу қоймаймын. Онда не үшін мен өнер адамына үйлендім? Бір-бірімізді осы жағдайда түсінбесек, қай жағдайда түсінеміз? Сондықтан кино болсын, телехикая болсын, концерт болсын, өзі шешеді. Бірақ ақылдасады, ойымды сұрайды. Бірге жоспар құрамыз", - деді ол.

Осы тұста Ақерке Бүркітбай күйеуінің жақында ғана Ташкент қаласына мотоциклмен барып келгенін, ол осы уақытта үйде уайымға салынғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120151-ne-ushin-oner-adamyna-uilendim-ali-oqapov-oz-otbasy-turaly-bar-shyndyqty-aitty-video/