Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тастанды бала болып өстім": Айгүл Иманбаева ата-анасының ажырасуы өзіне қалай әсер еткенін айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева балалық шағы туралы сыр шертіп, басынан өткен қиын кезеңді баяндады. Ата-анасының ажырасуы өнер иесіне аса ауыр тиген. Ол өзін тастанды бала болып сезініп өскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева балалық шағы туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Актриса ол кезде материалды тұрғыдан жақсы өмір сүрсе де, рухани жағынан жаралы бала болғанын мойындады.

"Бала Айгүл ақылды тентек болды. Менің балалығым материалды тұрғыдан қарағанда ештеңеден қиындық көрмей, бақытты балалық шақ болып өтті. Қазақша айтқанда "ішкенің алдында, ішпегенің артыңда", киген киімің, баратын жерің барлығы да болды. Бірақ рухани жанның, жүректің әңгімесі менің отбасымда басқаша болды. Себебі мен әкесіз өстім. Әрине ол үшін мен қазір әкемді де, шешемді де кінәламаймын. Бірақ бала Айгүлдің жүрегі бұның біреуінде түсінген жоқ. Себебі бала болдым. Үш баланың ішіндегі ең тентегі мен болдым.

Әке-шешенің арасындағы айқай-шу, реніш, олардың ажырасуы баланың жүрегіне қаяу салмай, жүрегін жараламай қоймайды. Сондай жаралы бала болып өстім. Шешем мен бауырларым қасымда болса да, өзімді тастанды бала сезініп өстім. Даладағы, жалғыз қалып қалған бала болып өстім. Бұның барлығы бала Айгүлдің жарасы. Сол жарам бүгінде мені толыққанды адам, Айгүл Иманбаева жасады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120820-tastandy-bala-bolyp-ostim-aigul-imanbaeva-balalyq-shagy-turaly-zhan-syryn-aqtardy/