Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінен аумайды": Семейде ұлымен ән айтқан Ермек Меденов жұртты сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Ермек Меденов пен Батырхан Меденов
Ермек Меденов пен Батырхан Меденов. Видеодан кадр: instagram.com/ ermek_medenov

Отандық әнші, саксофоншы Ермек Меденов Семейде ұлымен бірге ән айтты. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

Ермек Меденов Мүслім Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындаған.

"Семейде ұлыммен әндетіп", - деп жазды ол.

Мұны көрген көпшілік әнші мен ұлының даусына тамсанып, оң пікір жазып қалдырды.

"Әкең сияқты өз еңбегіңмен, өз талантыңмен таныла бер", "Ұлыңның даусы керемет екен", "Әкесінен аумайды", "Соңына дейін тыңдағымыз келді", "Бәрекелді", "Жүрекке жетті", "Керемет орындау", "Биіктен көріне беріңдер", - деп жазды жұрт.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121324-akesinen-aumaidy-semeide-ulymen-an-aitqan-ermek-medenov-zhurtty-suisintti-video/