Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қол көтереді": Айжан Байзақова жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова желіде ел күтпеген мәлімдеме жасап, оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасында жылап тұрған видеосын жариялап, жазба қалдырды. Блогер ару жазбасымен елді шошытып қойды.

"Айтатын уақыт келді. Ол маған қол көтереді. Шашымды жұлып тастады. Үйден онсыз шығуыма рұқсат бермейді", - деп жазды актриса.

Алайда бірер секундтан соң оқырмандардың көңілі орнына түсті. Байзақова бұл жазбасымен кіші ұлын сипаттаған болып шықты.

"Қыздар сіздерге тек осындай кішкентай абьюзерді тілеймін", - деп жазды желі жұлдызы.

Желі қолданушылары блогер ару үшін қатты алаңдап кеткенін айтты.

"Бұлай қалжыңдамаңыз. Қатты қорқып кеттім", "Сөздеріңізді оқи сала уайымға салындым", "Инфаркт алуға аз қалдым", "Күйеуі туралы айтып жатыр деп ойлап қалдым", "Осындай кішкентай бұзықтар көп болсын", "Зорлық-зомбылық жайлы әзілдеуге болмайды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121789-magan-qol-koteredi-aizhan-baizaqova-zhazbasymen-oqyrmandaryn-alangdatyp-qoidy/