Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді қайтарып беретін шығар": 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали полицейлерге ән арнады

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі қазақ полициясы туралы ән шығарып, көпшілікке жаңа бейнебаянын ұсынды. Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған өнер иесінің тың туындысы желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, олардың құрметіне ән шығарғанын жария етті.

"Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді "23 маусым – Қазақстан полициясы күні" мерекесімен құттықтаймын Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын", - деп тілегін жолдады өнер иесі.

"Ұлы дала баласы" қазақ полициясы туралы әніне түсірілген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті. Видеода әнші полиция қызметкерінің рөлін сомдап жүргенін көруге болады.

Өнер иесі аталмыш туындының жарыққа шығуына қолдау көрсеткен жақын достарына, ІІМ мен Алматы қаласының полиция департаментіне алғысын айтты. Бейнебаянның бас демеушісі әртістің күйеубаласы Дархан Нортаев екееі белгілі болды.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының клипін қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды.

"Енді жүргізуші куәлігін қайтарып беретін шығар", "Куәлікті қайтару үшін не істемейсің?", "Осы бейнебаяннан кейін жүргізуші куәлігін өздері-ақ әкеп беретін шығар", "Полицейлермен алысып, еркелігіңді көтермейтін болған соң, басқаша сөйлесейін деген ғой", "Полицейлер бір риза болып қалған шығар. Расымен олардікі нағыз еңбек", - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі өткен жылы есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Ал оның алдында әнші гид жігітке шабуыл жасап, уақытша ұстау изоляторында отырып, полицейлерге дөрекілік танытқаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2123118-endi-qaitaryp-beretin-shygar-7-zhylga-zhurgizushi-kualiginen-aiyrylgan-toregali-politseilerge-an-arnady/