Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірмеймін": Төреғали Төреәліге "соққыға жықты" деп айып таққан гид жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Күні кеше Төреғали Төреәлінің "Көлсай көлдері" табиғи паркіндегі видеосы желіде тараған болатын. Ал әншіні "өзін соққыға жықты" деп айыптаған гид Бекарыс Қожбанов оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол өнер иесін кешірмейтінін жеткізді, деп хабарлайды "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бекарыстың айтуынша, олар Төреғали Төреәліні туристерге мақтап таныстырған. Содан соң туристердің бірі әншіге қараған екен.

"Сол күні Көлсай көлінің жағалауында сағат 16:30 шамасында туристермен демалып жатқанбыз. Сонымен қатар сол жақта Төреғали ағамыз да демалып жатыр екен. Арамызда Мәскеуден келген кісіге Төреғали ағамызды мақтап, "Біздің жұлдызымыз" деп таныстырдық.

Содан Мәскеуден келген кісі 5 секундтай қарап тұрған екен Төреғали ағамызға. Сосын конфликт басталды. Төреғали ағамыз "Сен маған неге қарайсың" деп атылып, конфликт шыққан. Бірақ таяқ жеген мен.

Тоқ етерін айтатын болсақ, Төреғали ағамыз көтеріліп кетті жоғары қарай. Соның артынан турист кісіміз кетіп қалды. "Бәлесінен аулақ" деп артынан барғанбыз. Төреғали аға менің түрімді жаттап қалып, "Осы кісі қайда" деп маған шабуыл жасады. Машинасынан шығып, менің жағамнан ұстап, мені ұрды", - деді Бекарыс Қожбанов.

Бағдарлама жүргізушілері төбелестің тек туристің бетіне қарағаны үшін болғанына таңғалды. Соққыға жығылған жігіттен "Сол үшін ғана болды ма? Бетіне қарап тұрғаны үшін? Бірнәрсе айтпады ма?" деп сұрады.

Ал Бекарыс туристің қазақша түсінбейтінін, әншінің балағат сөздер қолданғанын айтты.

"Ол турист қазақша түсінген жоқ. Төреғали ағамыз қазақша балағаттап, апаратын жеріне апарып тастады. Біз бір пирста тұрдық. Келесі пирста Төрағали ағамыз тұрды. Біз ол кісіге жақындап, арнайы таныстырып ештеңе жасамадық. Тек алыстан қарап тұрғаны үшін осылай келді", - деді Қожбанов.

Сондай-ақ гид жігіт қазіргі таңда әншінің үстінен арыз жазғанын да мәлім етті.

"Арыз жаздым. Кеген аудандық полициясы жауап алды. Қазір қалаға жеттім. Енді жергілікті полиция қызметкерлері тағы менен жауап алуы керек", - деп түсіндірді ол.

Бекарыс Қожбановтың айтуынша, Төрағи Төреәлі тарапынан өзіне ешкім хабарласпаған.

"Жоқ, маған ешкім хабарласқан жоқ. Сот медициналық сараптамадан өттім, қортындысы әлі дайын емес. Қабағым жарылып, гемотома пайда болды. Денеме соққы алдым, бірақ көгерген із қалмаған. Бұл кісіні кешірмеймін. Бұл кісіні халық көтеріп отыр және халық түсіреді. Осы істі соңына дейін жеткізуім керек, мақсатым сол", - деді әншіден таяқ жеген азамат.

Естеріңізге сала кетейік, кеше "Көлсай көлдері" табиғи паркі Төреғали Төреәлінің төбелескенін растады.

Сондай-ақ әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990350-xalyq-koterdi-zane-xalyq-tusiredi-toregali-toreali-soqqyga-zyqqan-zigit-oqiganyn-qalai-bolganyn-aityp-berdi-video/