Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гелендваген сыйлады": Әлішер Кәрімов өнер жолында алған бағалы сыйлықтары туралы айтты

Жарияланған күні:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Фото: Instagram/alisher_k

Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов өнер жолында көптеген бағалы сыйлық алғанын жасырмады. Өнер иесі шын көңілмен берілген затты қуана қабылдайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы өнер жолында қандай бағалы сыйлықтарға ие болғанын Асхат Садырбайға берген сұқбатында айтып берді.

Кәрімовтың еңбегін жоғары бағалайтын адам оған Gelandewagen көлігін тарту еткен екен. Алайда әнші жомарт жанның кім екенін айтудан бас тартты.

"Сыйлық алдым, алып жатырмын да. Шын көңілмен сыйласа неге алмасқа?! Негізі мақтанғанды жақсы көрмеймін. Бірақ үлкен сыйлықтар болды. Пәтер болған жоқ. Көлік сыйлады. Gelandewagen cыйға берді. Кім сыйлағанын айта алмаймын", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты.

Оған қоса өнер иесі Назарбаев әулетімен қарым-қатынасына қатысты сұраққа жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124201-gelendvagen-syilady-alisher-karimov-oner-zholynda-algan-bagaly-syilyqtary-turaly-aitty/