Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатқындық болды": Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өмірі жайында сыр шертіп, сәтсіз аяқталған қарым-қатынасы туралы айтып берді. Өнер иесі болашақта үйленіп, отбасын құрғысы келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы жан сырын Асхат Садырбайға берген сұқбатында ақтарды. Эстрада жұлдызы жеке өмірінде сатқындық болғанын жасырмады.

"Хабарласып, жеке өмірімді сұрайтындар көп. Бәрне хайп керек. Бірақ мен бұл жайында көп айтқым келмейді. Себебі бұл сұрақтарға мен жауап беріп тастағанмын. Жеке өмірімде сатқындық болды. Несін жасырамын оны. Ауыз күйді, жүрек сыздады. Жақын арада үйленгім келеді. Бұрыннан бері жоспарлап жүргенмін. Бірақ бір сәті түспей қойды. Түрлі себептер болып қалады. Қазір "үйленгім келеді" деп нақты айта аламын. Інімнің де, қарындасымның да отбасы бар. Жиендерім өсіп жатыр. Кезек – менікі. Жақсы жаңалықтың болатыны анық", – деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124084-satqyndyq-boldy-alisher-karimov-zheke-omiri-turaly-bar-shyndyqty-aitty/