Шашын бояп тастаған Роза Рымбаеваның ұлы елді таңғалдырды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның ұлы Мәди Рымбаев магистр дәрежесін алды. Өнер иесінің перзенті дипломды табыстау салтанатына жаңа имиджбен келіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Әнші шашын күрең қызыл түске бояп тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мәди Рымбаев салтанатты жиынға арнайы дайындалып барған. Ол шашын дәл дипломының түсімен бірдей етіп бояп алған екен.
Мәдидің ерекше образын бірінші болып жұлдызды жеңгесі Ақерке Бүркітбай көрсеткен. Әнші Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, қайын інісін жетістігімен құттықтаған.
Әли Оқапов та туған інісіне қолдау білдіріп, онымен бірге марапаттау салтанатына барған. Әлеуметтік желіде қос бауырдың суреті жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124393-shashyn-boiap-tastagan-roza-rymbaevanyng-uly-eldi-tanggaldyrdy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.