Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ашып айта алмаймын": ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова елді алаңдатып қойды (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханада
Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханада. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі өзі үшін алаңдаған көпшілікке қазіргі жағдайын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында ауруханадан фото мен видео жариялап, емі қалай жалғасып жатқанын айтты.

Актрисаның сөзінше, оған ауыр диагноз қойылмаған. Екі апталық тексерістен соң, дәрігерлер оған ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтқан.

"Өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес. Ашып айта алмаймын. Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", - деді Әбдікәрімова.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125605-ashyp-aita-almaimyn-auruhanaga-tusken-zhuldyz-abdikarimova-eldi-alangdatyp-qoidy-video/