Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тартып жібересің": Әлішер Кәрімов сахнаға ішімдік ішіп шығатынын айтты

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Фото: Instagram/alisher_k

Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов сахнаға "ішіп шыққан" кездері болғанын растады. Өнер иесі концертінің алдында алкогольдік сусынды не үшін ішетінін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов алдағы уақытта да концертінің алдында қажет болса ішімдік ішетінін жасырмады. Өнер иесі оны дауысы отырып немесе суық тиген кезде қолданатынын айтты.

"Сахнаға ішіп шыққан кездерім болды, болады кейде. Әр түрлі жағдай болады. Мысалы жеке концертің болатын кезде, пойыз немесе ұшақпен ұшқанда дауысың отырып, суық тиіп қалуы мүмкін. Сондай кезде 50, тіпті болмай жатса 100 грамм коньякті тартып жібересің да, сахнаға шығасың. Одан көп емес. Қатты мас болған жоқпын. 50 граммнан мас болмайсың, тек көздерің жарқырап, дауысың жарқын шығады. Бұл деген сахнаға фонограмамен шықпайды деген сөз. Қатты мас болып, сахнада бейәдеп сөз айтатын әріптестеріміз бар. Оған өз басым қарсымын. Ол сенміділік беретін шығар", - деді әнші Асхат Садырбайға берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125728-tartyp-zhiberesing-alisher-karimov-sahnaga-ishimdik-iship-shygatynyn-aitty/