Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет оқ атылған үй": Қалдыбек Құрманәлі Нұрқаділовтің үйін мұражайға айналдыруды ұсынды

Опубликовано:

Қалдыбек Құрманәлі
Қалдыбек Құрманәлі. Видеодан кадр: "Қасқа жол" бағдарламасы

Отандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі Мақпал Жүнісованың үйіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі "үш оқ атылған" үйді сақтап отырған әншіге алғысын айтып, тарихқа енген баспананы мұражайға айналдыруды ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алып, оның қандай адам болғанын айтты.

Сонымен қатар композитор саясаткердің үйін әлі күнге дейін ұстап отырған Мақпал Жүнісоваға алғысын айтты. Қалдыбек Құрманәлінің сөзінше, әншінің орнында басқа әйел болғанда үйді баяғыда сатып жіберетін еді.

"Халықтың сүйіктісіне айналған марқұм Заманбек Нұрқаділовпен араласқан адаммын. Жақсылығын көрдік, араластық, іні болдық, қамқорлығын көрдік. Мақпалға үйленгеннен кейін де, достығымыз үзілген жоқ. Ол кісі менің шығармашылығымды қолдады. Мақпал бірнеше әнімді орындап жүр. Әлі күнге дейін сыйластығымыз бар. Халық үшін Мақпал тұзы жеңіл секілді көрінеді. Бірақ ол – тағдырлы әнші. Мақпал мен Заманбектің қосылуы кезінде де бір дүрбелең болған. Зәкеңнің қайтыс болғанына – 20 жыл. Өзіңіз ойлаңызшы, Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін қажет деп санамай сатар еді. Мақпалға біз рахмет айтуымыз керек. Қара шаңырақ етіп, ұстап отыр", – деді ол.

Оған қоса Қалдыбек Құрманәлі аталмыш үйді мемлекет өз қамқорлығына алып, оны мұражайға айналдыру керектігін айтты.

"Өз үйінде өзін "үш рет атқан" марқұмның тағдыры қиын болды. Мақпалға да оңай емес. Үш рет оқ атылған үйді мұражай секілді алып қалды. Мұны Мақпалдың Зәкеңе деген адалдығы деп білемін. Екі үйді қатар ұстап отырды. Сондықтан да мен қай кезде де Мақпалдың жағындамын және оны қолдаймын. Негізі ол үйді мемлекет өзіне алуы керек. Болашақта мемлекет сол үйді мұражайға айналдырып, сол көшені Зәкеңнің атымен атаса, тіпті керемет болар еді. Мақпалдың мықтылығы, Зәкеңнің құжаттары, бұйымдары, киімдері – бәрін сақтаған. Дайын мұражай деп айтар едім. Сол үшін мемлекет мұражайды сатып алу керек", – деді композитор "Ашық подкастта".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125740-ush-ret-oq-atylgan-ui-qaldybek-qurmanali-nurqadilovting-uiin-murazhaiga-ainaldyrudy-usyndy/