Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Фото: Instagram / kabatov_tursinbek_resmi

Ұшақта әдепсіз сөздер айтқан Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан", - делінген хабарда.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің өкілдері қамауға алынған адам Тұрсынбек Қабатов екенін растады.

Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

"Куә (аға стюардесса) құқықбұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған. Құқықбұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады", - делінген сот хабарында.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот жасалған іс-әрекеттің көлемі мен сипатын, қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды сыйламаушылықты көрсетуге бағытталған, лайықсыз мінез-құлықпен көрінетін құқыққа қарсы мінез-құлықтың жалғасуын ескере отырып жаза тағайындады.

Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды – 5 тәулікке қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тұрсынбек Қабатов – Қазақстанның танымал әзілкеші және тележүргізушісі, актер, "Әзіл Әлемі" әзіл-ысқақ театрының директоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Казталов ауданының құрметті азаматы. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында жүргенде "Аграрка сарбаздары", "Астана.кз", "Казахи" квн командаларында ойнады. "Казахи" КВН командасы құрамында 2010 жылы Халықаралық КВН одағы жоғарғы лигасында вице-чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125791-ushaqta-adepsiz-sozder-aitqan-tursynbek-qabatov-5-taulikke-qamaldy/