Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнерден кетемін": "Қойшы бала" Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Айдос Кәден
Айдос Кәден. Фото: Tiktok/ koishy_bala

Көпшілікке Жігер Ауыпбаевтың шәкірті ретінде танылған әнші Айдос Кәден ел күтпеген мәлімдеме жасады. "Қойшы бала" желідегі суретінің астына өзі пікір қалдырып, өнерден кететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан әнші өзіне айтылған сыни пікірлерге алғаш рет жауап берді. Ол TikTok желісіндегі парақшасына суретін жүктеп, астына пікір қалдырды.

"Бұйырса, ағайын. Өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қателігім – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаевтың өзі продюсерлік еткен "Қойшы баламен" мүлде араласпай кеткені белгілі болды. Көп ұзамай "Қойшы бала" жұртқа жаңа продюсерін таныстырды. Артынша отандық эстрада жұлдызы Айдос Кәденді "су ішкен құдығына түкірмеуге" шақырды.

Айдос Кәден
Айдос Кәденнің пікірі. Скриншот: Tiktok/ koishy_bala

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126724-onerden-ketemin-qoishy-bala-zhiger-auypbaevqa-qatysty-kutpegen-malimdeme-zhasady/