"Ақша не істетпейді": көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланды (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде көлігін бассейнге айналдырған блогерлер қызу талқыға түсті. Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабылов видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қос блогер жариялаған видеодан көлік салоны бассейнге айналғанын байқауға болады. Ал NNN мен Ерболат Жанабылов қала көшелерін аралап, халыққа cуға түсуді ұсынады.
Мұны көрген көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Олардың кейбірі Нұрдәулет пен Ерболатты жақтаса, енді бірі даттаған.
"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді" деген осы шығар", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы...Біреулер нандарын асырай алмай жылап жүрсе, біреулер тойынғандықтан көліктің ішінде суға түсіп жүр", "Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын", "Бөлексіңдер", "Ақша не істетпейді", "Білгенін істеп жатыр", "Мынау артық-ау деп ойлаймын", "Ақша не істетпейді", - деді жұрт.
Аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126952-aqsha-ne-istetpeidi-koligin-basseinge-ainaldyrgan-blogerler-qyzu-talqyga-tusti-video/