Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылда қой баққан "қазақтың Шатуновы": Jazzdauren "Привет, Андрей" шоуында қонақ болды

Опубликовано:

Jazzdauren
Jazzdauren. Видеодан кадр: instagram/com/ jazzdauren

Желіде үш айда 80 млн рет тыңдалған "Дарите женщинам цветы" әнінің орындаушысы Jazzdauren "Привет, Андрей" бағдарламасында қонақ болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

20 жастағы Jazzdauren музыкалық мектепте білім алып, кейін колледжге түскен. Қазір жоғары оқу орнында оқып жатыр. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны – үйдің үлкені. Артынан ерген үш інісі бар.

"Мен өзім джаз айтқанды ұнатамын. Лақап атым да Jazzdauren. Шын есімім Жандәурен. Бұл сүйікті ұл деген мағына береді. Жақындарым мен туыстарыма, сыныптастарыма сәлем айтамын. Шынымды айтсам, мұндай танымалдылыққа ие боламын деп ойламадым. Тек музыканы жақсы көрдім. Біз бұл әнді жай шын жүректен жаздық. Халықтың жүрегіне жетеді деп ойламадық. Рақмет", - деді Jazzdauren бағдарлама барысында.

Өз кезегінде Андрей Малахов Жандәуреннің отбасымен таныстырып, түсірілім тобымен туған ауылына барып келгені үшін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа алғыс айтты.

Ал Жандәуреннің Қарақұдық ауылында тұратын әкесі мал шаруашылығымен айналысатын болып шықты.

"Қазір шөп шабуға дайындалып жатырмыз. Жандәурен анда-санда демалыста келіп тұрады. Негізінде шаруашылыққа көмектеседі. Қой бағуға құлаққап тағып кетеді. Кешке келіп, "қой қайда?" деп сұраймын. Содан іздей бастайды", -деп күледі Жандәуреннің әкесі.

Жандәуреннің анасы ұлының осындай танымалдылыққа ие болғанына дән риза. Jazzdauren оған тек ән айтып қана қоймай, суыр саууға көмектеседі екен.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127336-qazaqstandyq-anshi-jazzdauren-privet-andrei-bagdarlamasynda-qonaq-boldy-video/