Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз жолым бар": Jazzdauren өзін Шатуновқа ұқсататындарға жауап берді

Жарияланған күні:

Jazzdauren
Jazzdauren. Фото: instagram.com/ jazzdauren

Қазақстандық әнші Jazzdauren әні ТМД елдеріне танылған соң "екінші Шатунов" деген атқа ие болды. Көпшілік Жандәуренді ресейлік аңыз әншімен салыстырып, оның ізбасары ретінде қарай бастады. Алайда Jazzdauren өнерде өз жолы бар деп есептейді. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтты.

Жандәурен Абылаевтың айтуынша, оны ресейлік әншіге ұқсататындар көп.

"Халықтың бәрі Шатуновқа теңеп, "екінші Шатунов" деп жатыр. Шатунов – аңыз адам, оны бәріміз білеміз. Мен де тыңдаймын. Бірақ менің жолым бөлек. Бұл еліктеу емес. Ұқсатып жатқаны да жақсы.

Негізі мені тыңдайтын ТМД елдері. Ал ТМД елдеріне Шатунов өте танымал болды және ол кісінің әндері жүрекке жететін. Өзімді сол кісіге ұқсатқанына қуаныштымын", - деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, үш айда әні 80 млн рет тыңдалған Jazzdauren "Привет, Андрей" шоуында қонақ болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127396-oz-zholym-bar-jazzdauren-ozin-shatunovqa-uqsatatyndarga-zhauap-berdi/