Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр нәрсенің шегі бар": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді ойландырып қойды

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен
Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Балаларымен Бурубайға демалуға кеткен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өмір жайлы сыр шертіп, елді ойландырып қойды. Өнер иесі басына түскен сынақтарды еңсеру үшін күшті қайдан аларын білмейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова өмір жайлы ой-толғауын Instagram-дағы парақшасында айтты. Актриса жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды.

"Кейде осының барлығына төтеп беру үшін күшті қайдан аларыңды білмейсің. Алайда артынан бәрі түсініп, қабылдайсың. Әр нәрсенің шегі бар. Шектен асқаннан кейін бейжайлық келеді екен", - деп жазды Қайрат Нұртастың әйелі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан шыққан бойда балаларымен бірге Бурабайға барып, керемет демалыс өткізді. Өнер иесі перзенттерімен қауышқан сәтін әлеуметтік желіде көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128011-ar-narsening-shegi-bar-zhuldyz-abdikarimova-zhazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/