Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштығым осы": ауруханадан шыққан Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен ерекше уақыт өткізді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жақында ғана ауруханадан шыққан Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен қауышып, бірден демалысқа аттанды. Жұлдызды жанұя түрлі сынақтардан кейін бірге уақыт өткізіп, демалып қайтуды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова емханадан шыққан бойда барлық шаруасын шегеріп, перзенттерімен Бурабайға шығып кеткенін айтты. Актриса ем қабылдап жатқан кезде балаларымен табиғат аясында уақыт өткізуді армандағанын жеткізді.

Кино жұлдызы отбасылық демалыстың қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

"Екі жұма клиникада ем алып жатқанда, осыны ойладым. Шыққан бойда, балаларымды құшақтап, Бурабайға кетемін дедім. Үйде оларға бас-көз болып отырған әпкеме бұл ойымды айтқанда, бірден қолдай кетті.

Қаудаланған жұмысты да, жауапсыз қалған қоңырауларды да, бәрін-бәрін шегеріп тастап, жолға шығып кеттік. Тыныштығым осы ма дерсіз?! Балаларымның күлкісі, сұлу табиғат, жылқы, тау мен тас, ну орман, өзен-көлдер. Дауасы осы екен. Еш терең ойсыз, астарсыз оқып көріңізші", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127252-tynyshtygym-osy-auruhanadan-shyqqan-zhuldyz-abdikarimova-balalarymen-erekshe-uaqyt-otkizdi/