Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 4 шілде күні ХКҚҰ ізгі ниет елшісі ретінде Қазақстанға ШЫҰ саммитіне келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы мен Димаш Құдайберген көші-қон мәселесін ашық талқылады. Сондай-ақ Антониу Гуттериш Димаштың таланты туралы сөз қозғады.
"Біз көші-қонға қатысты маңызды мәселелер талқыладық, мен бұл істі қолдайтынымды айттым. Бас хатшы көші-қон мәселесінің маңыздылығын атап өтіп, мені бейілділігім үшін құттықтады.
Сондай-ақ Антониу Гуттериш менің әлемде миллиондаған тыңдарманды шарлаған музыкам адам құқығын қорғауға көмек көрсететінін алға тартты.
Мен бірнәрсені өзгерту үшін өз талантымды пайдалана алатыныма қуаныштымын", - деді Димаш Құдайберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129070-dimash-qudaibergen-buu-bas-hatshysymen-kezdesti/