Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы басталды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртасқа қатысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Аталған іс Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртасқа қатысты іс бойынша сот отырысы онлайн түрде өтіп жатыр. Өнер иесі сот отырысына Шымкент қаласындағы арнайы қабылдау орнынан қатысты.

Айта кетейік, әншінің үстінен әкімшілік іс қозғалған. Ол бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталуда.

Белгілі болғандай, "Алматы - Астана" әуе рейсінің бортында Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыров есімді азаматтың арасында жанжал туындаған.

"Тойға досым шақырды. Мен келмеймін деп, бейәдеп сөздер айтып жіберемін. Сосын ұшақтың ішінде мені ұрып, басымнан екі рет ұрды. Сосын менің намысым бар ғой, қарсылық көрсеттім. Сосын ұшақ бортында тыныш отырдым әрі қарай", - деді ол.

Әнші тәртіп бұзбағанын айтты. Дегенмен ол дене жарақатын келтіргенін мойындады.

"Келтіргенім рас, бірақ мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Неге тек менен кінә сұрауларыңыз керек, прокурор мырза?", - деді Қайрат Нұртас.

Жәбірленуші Асылбек Бекқайыров сот отырысы барысында оқиғаның мән-жайын айтты.

"24 сәуірде Орал қаласына дос баламның тойына шақырдым. Кешке ол кісі жауап бермеді, сосын "досым, көмек сұрайсың ғой менен де, көмектесеміз ғой, сосын екеуміз бір-бірімізге көмектеспейтіндей жағдай болып қалмасын" дедім. Сосын ол мені жерден алып, жерге салып бейәдеп сөздер айтты.

Сосын Қайратпен кездесе алмадым. 4-і күні ме, әйтеуір Астанаға ұшатын ұшақта мен оған жақындадым, "неге мені боқтадың?" деп сұрадым. Сол кезде мені бортсерік мені ұстады. Сол сәтте Қайрат мені ұрды. Сосын бортсерік екеумізді екі жаққа отырғызып қойды", - деді Бекқайыров.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129568-qairat-nurtastyng-isi-boiynsha-sot-otyrysy-bastaldy/