Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұраймын сүйіншімді": Төреғали Төреәлінің алтыншы перзенті дүниеге келді (фото)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі келіншегімен
Төреғали Төреәлі келіншегімен. Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің алтыншы перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. "Ұлы дала баласы" келіншегімен перзентханада түскен суретін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Алла деп бағындырдым биыл шыңды, Перзантхана екінші үйім сынды, Алтыншы рет бұйырды әке атану Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Көпбалалы ата-ана әзірге сәбиінің жынысын жария етпеді.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты бірден құттықтап, оларға ақ тілегін жарыса жолдап жатыр.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызының тағы үш қызы мен екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129904-suraimyn-suiinshimdi-toregali-torealining-altynshy-perzenti-duniege-keldi-foto/