Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына салоннан көлік сатып әперді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова ұлымен
Мадина Сәдуақасова ұлымен. Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы ұлына аса бағалы сыйлық тарту етті. Өнер иесі мектепте оқитын ұлына салоннан су жаңа көлік сатып әперді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова ұлына қымбат көлікті сыйлаған сәтінен видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялап, қалың көпшілікке көрсетті. Бейнежазбада әншінің ұлына темір тұлпардың кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Жұлдыздың жанұяның таңдауы 2024 жылғы Lexus RX350 автокөлігіне түскен.

Өнер иесінің сөзінше, бұл баласына берген қымбат сыйлықтарының бірі болып отыр. Алайда эстрада жұлдызы перзенті темір тұлпарды өзі тізгіндемейтінін жеткізді. Оны сабаққа, түрлі үйірмелерге апаратын жүргізушісі бар.

"Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады деп, мектеп , баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құтты болсын, жаңа көлік. Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын", - деп жазды Сәдуақасова.

Әншінің ұлы да ата-анасының сыйлығына қатысты пікір білдірген.

"Құттықтауларыңызға рақмет! Анам түрлі қалаларда, әкем жұмыста. Ал маған мектепке, түрлі жұмыстармен көп жүру керек. Ескі көлікті жаңартып берді", - деп жазды парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130720-madina-saduaqasova-mektep-oqityn-ulyna-salonnan-kolik-satyp-aperdi-video/