Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әншілерге не болған": Асхат Тарғын зәулім үйін сатылымға қойды (видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын
Асхат Тарғын. Видеодан кадр: Instagram/askhat_targyn

Отандық эстрада жұлдызы Асхат Тарғын Алматыдағы зәулім үйін сатылымға қойды. Әнші хабарландыруды Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Өнер иесі зәулім сарайдың үй құрылысының бүге-шүгесіне дейін өзі бақылағанын атап өтті.

"Құрметті достар, білесіздер, осы үйді өзім тұрамын деп бүге-шүгесіне дейін мұқият салдыртып едім. Өткен жылы ғана бітіріп қоныстанғанбыз. Енді сатқалы жатырмын. Баламның оқуы қалада болуына байланысты жер үйді сатуға тура келіп тұр.

Аман болсақ, тағы да салармыз. Үй өте сапалы, тұрған жері де жақсы. Жаңа Aport Mall-дың дәл қасында, қалаға 8-10 минутта жетесің", -деді ол.

Көпшілік хабарландырудың астына түрлі пікір жазып қалдырды.

"Әншілердің бәріне не болған? Өзім тұрамын, өзім соққанмын деп үйлерін сатып жатыр", "Ұлыңа бере салмайсың ба?", "Хан сарайдай салыпсың", "Үй салып, сату әртістердің челленджі ме?", "Сауда берекелі болсын", - деп жазды жұрт.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130948-anshilerge-ne-bolgan-ashat-targyn-zaulim-uiin-satylymga-qoidy-video/