Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші әйел алып, ұлды болды": Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты (видео)

Жарияланған күні:

Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Фото: instagram.com/a.kishkenbaev

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев журналист Анна Данченкоға берген сұқбатында жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Қаншама жылдан соң сахнаға қайта оралған әнші алдағы уақытта сүйіктісін көрсетуі де мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алмас Кішкенбаевпен сұқбат барысында Анна Данченко 2019 жылы сайттардың бірінде жарияланған мақала туралы сөз қозғады. Журналистің сөзінше, материалда әншінің жасырын түрде екінші рет үйленіп, нәрестелі болғаны, тіпті, бесік той жасауға дайындалып жүргені айтылған.

Ал Алмас Кішкенбатың өзі бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды.

"Жоқ, бұл жалған ақпарат. Екі қызым бар. Алдағы уақытта жеке өмірімді айтамын ба, жоқ па, уақыт көрсетеді. Ол адам белгілі бір ортада өз айналасына және өз саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен бұл тақырыпты жауып қояйық", - деді әнші.

Эстрада жұлдызы жақында тыңдарманын сапалы әндермен қуантатынын да жасырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131152-ekinshi-aiel-alyp-uldy-boldy-almas-kishkenbaev-zheke-omirine-qatysty-bar-shyndyqty-aitty-video/