Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолы болмай жүрді": Алмас Кішкенбаев Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі Анна Данченкоға берген сұқбатында өнері мен шығармашылығына қатысты бірқатар әңгіме қозғады.

Әңгіме барысында Алмас Кішкенбаев оқуға түскен кезеңі туралы баяндады. Ол өнердегі Ерке Есмаханмен бір топта оқыған болып шықты.

"Еркемен бір топта оқыдық. Музыкалық емтихандардың барлығынан жоғары ұпай алдық. Гуманитарлық сабақтардан сәл-сәл төмен ұпай алып, оқуға түспей қалуымыз да мүмкін еді. Себебі оқуға түсетіндердің саны шектеулі болды.

Мен Superstar.kz жобасын жеңіп келгеннен кейін ұят болады деген шығар. Мені алса, Еркені де алуы керек еді. Оқуға алмасқа да болмайды деді ме, білмеймін, екеумізді де қабылдады. Сол жылы-ақ кейбір студенттер шығып кетті, кейбірі ақылы бөлімге көшті. Содан грантта оқып, қызыл дипломға бітіріп шықтық. Әсем Жәкетаева да бар", - деді Алмас Кішкенбаев.

Осы тұста әнші Ерке Есмаханның кәсібилігіне жоғары баға берді.

"Еркенің емтиханда орындаған әндері, дауысы керемет. Ол – нағыз кәсіби әрі дауысы зор, талғамы жоғары, мықты әнші. Бастапқыда "Іңкәр" тобында ән айтты. Мамандығы сол болғаннан кейін біраз ізденді, біраз байқауларға да қатысты. Жолы болмай жүрді. Бәрі өз еңбегінің, содан кейін продюсерінің арқасы", - деді Алмас Кішкенбаев.

Айта кетейік, сұқбат барысында әнші Ләйлә Сұлтанқызымен жұмыс істеген шағын еске алды. Сондай-ақ өнер иесі жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131353-zholy-bolmai-zhurdi-almas-kishkenbaev-erke-esmahanmen-qarym-qatynasy-turaly-bar-shyndyqty-aitty/