Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзбен жылататын": Алмас Кішкенбаев Ләйлә Сұлтанқызымен жұмыс істеген шағын еске алды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Кішкенбаев
Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Кішкенбаев. Фото: youtube.com/ "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызымен жұмысын не себепті тоқтатқанын түсіндірді. Ол Анна Данченкоға берген сұқбатында тележүргізушінің өзіне қатал продюсер болғанын жасырмай айтты.

Әңгіме барысында Алмас Кішкенбаев Ләйлә Сұлтанқызымен алты жылдай жұмыс істегенін алға тартты. Өнер иесі продюсерінің өзі үшін атқарған еңбегін атауды да ұмытқан жоқ.

"Біздің келісімшарт бес жылға болған. Оны ұмытып кеткенбіз. Алты жыл өткен соң мен Ләйләға барып, "бізде келісімшарт аяқталыпты ғой, мен әрі қарай жұмысымды жалғастырайын" дедім. Басында сәл-сәл ренжіді, кейіннен бәрі дұрыс екенін айтты. Сосын бейнебаян түсіріп, баспасөз конференциясын жасадым. Оған Ләйләні да шақырдым.

Бейнебаянды көріп болған соң Ләйләнің өзі сөз бастады. "Біздің бірге жұмыс істемейтінімізге бір ай болды. Бұл Алмастың жеке алғашқы жұмысы" деді. Сол кездері бәрі продюсерлерімен ренжісіп, кетіп жүрген еді. Ләйләда реніш болмады емес, болды. Әрине, қаншама еңбек... Бірақ кейіннен жақсы қарым-қатынаста қалдық", - деді Алмас Кішкенбаев.

Осы тұста өнер иесі Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қатал продюсер болғанын атап өтті.

"Студент шақта сабақты себепсіз жібермейтінмін. Себебі Ләйлә бірден хабарласатын. Қайдан біліп қоятынын білмеймін, "сен неге сабаққа бармадың?" деп телефон шалатын. Ол кезде 19 жаста едім. Әрине, оның бәрі бақылау ғой, ол болмаса да қиын.

Сол кезден бастап мені қатал ұстайтын, сөзбен жылауға дейін алып баратын. Сосын 1 сағаттан кейін "жаным-ау сол" деп қайта хабарласатын. Ол тек жұмыс барысында қатал, ал өмірде өте мейірімді адам", - деп толықтырды Алмас Кішкенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131176-sozben-zhylauga-deiin-alyp-baratyn-almas-kishkenbaev-laila-sultanqyzymen-zhumys-istegen-shagyn-eske-aldy/