Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызды болған Мақпал Исабекова перзентханадан шықты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Екінші сәбиін дүниеге әкелген Мақпал Исабекова перзентханадан шықты. Өнер иесін жақындары мен өнердегі достары ерекше күтіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өміріндегі қуанышты сәтін Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына көрсетті. Шоу-бизнес жұлдызын туыстары мен өнердегі бірқатар әріптесі құттықтап келген. Олардың арасында Луина, Диас Аблаев, Гүлназ Жоланова және т.б бар.

Екінші перзентін дүниеге әкелген әнші жолдасы мен ұлымен ерекше қауышты. Өнер иесі бірден оларды құшақтап, сағынышын басқан.

"Өзімді аса бақытты сезінудемін. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Исабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132217-qyzdy-bolgan-maqpal-isabekova-perzenthanadan-shyqty-video/