Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ашық киінуге болмайды екен": Мадина Сәдуақасова отбасымен Катарға демалуға ұшып кетті (фото)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова тығыз жұмыс кестесінде отбасына уақыт тауып, шетелге демалысқа ұшып кетті. Саяхаттауды жақсы көретін жұлдызды жанұя бұл жолы Катар еліне барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова отбасымен шетелге ұшып кеткені туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы Катар елінен сурет жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Фотода әншінің тым жабық киініп алғанын көруге болады.

Өнер иесі Катар елінің қатаң ережесі бойынша әйел адамдарға ашық киінуге болмайтынын түсіндірді.

"Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз! Бұл елде осылай киінбесем басқа амал жоқ. Бұл елдің ережесі осындай. Ашық купальникпен суға түсуге болмайды", - деп жазды Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132844-ashyq-kiinuge-bolmaidy-eken-madina-saduaqasova-otbasymen-katarga-demaluga-ushyp-ketti-foto/