Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке мен Raim АҚШ-тың төрт қаласында концерт бермек

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан күйеуімен. Фото
Ерке Есмахан күйеуімен: әншінің instagram-парақшасынан

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Raim мен Ерке Есмахан мұхит асып, Америка құрама штаттарында концерт бермек. Ерлі-зайыпты АҚШ-тың төрт қаласында өнер көрсетеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты Ерке Есмаханның өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі қыркүйек айында жолдасы Raim-мен АҚШ-қа арнайы тур жасап, төрт қаласында концерт беретінін хабарлады.

Жұлдызды жұп алдымен Хьюстон қаласында өнер көрсететін болады. Одан кейін Чикаго мен Лос-Анджелес халқын қуантып, турды Нью-Йорк қаласында аяқтауды жоспарлап отыр.

Ерлі-зайыптының тыңдармандары бұл жаңалыққа қатты қуанып, оларға сәттілік тілеп жатыр. Оған қоса Америкадағы қандастарымыз әншілерді асыға күтетіндерін жарыса жазуда.

"Қандай керемет жаңалық. Деңгей деген осы", "Жарайсыздар, сіздер үшін қуаныштымын", "Бұл деген өте жақсы жаңалық болды. Асыға күтеміз", "Америкада сіздердің әндеріңізді тыңдау ерекше сезім болары анық. Құшақ жая қарсы аламыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134026-erke-men-raim-aqsh-tyng-tort-qalasynda-kontsert-bermek/