Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімнің отбасы ойран болған жоқ": Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева
Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева. Видеодан кадр: Instagram/nurlan_alimzhanov_official

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!" - деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

"Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты!

О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!" - дейді танымал әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137431-eshkimning-otbasy-oiran-bolgan-zhoq-aigerim-qalaubaeva-nurlan-alimzhanmen-aradagy-bailanysy-turaly-malimdeme-zhasady/