Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлтіріп қойды дегеннің бәрі содан басталған": Ұланғасыр Қами тек хиджаб киетін қызға үйленетінін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ұланғасыр Қами
Ұланғасыр Қами. Фото: Yerlan Akuzakov

Отандық эстрада жұлдызы Ұланғасыр Қами хиджабқа қатысты ойын айтты. Ол қазіргі уақытта отбасындағы жанжалдардың туындауына да осы мәселе себеп екенін алға тартты. Өнер иесі болашақта тек хиджаб киетін аруға үйленетінін де жасырған жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызының видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Ол тікелей эфирде дін мәселесіне қатысты сұрақ қойған оқырманға жауап берген көрінеді.

"Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр, ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан соң біреу оған қызығады, оны күйеуі естіп, өлтіріп қояды.

"Хиджаб арабтікі, неге адасасыздар, оның бәрін шешеді бір күні" дейді. Шешпейді. Шын түсінген әйел басын кесіп алса да шешпейді. Көп айтпай-ақ қояйын. Ешкімде менің шаруам жоқ. Мен ертең әйеліме кигіземін. Басқалары кигізе ме, шешіндіре ме, шаруам жоқ. Өзімдікіне кигіземін, бұған көнетін әйел аламын, көнбесе алмаймын. Бастысы оның не үшін керек екенін түсініп тұрмын және оны түсінетін әйел іздеймін", - дейді видеода Ұланғасыр Қами.

Осы ретте хитмен хиджаб киюдің өзі үшін қандай маңызға ие екенін түсіндіре кетті.

"Ал енді неге хиджаб кигізесің?" десеңіздер, ер адам туғаннан бастап өлгенге дейін жауапкершілік алады. Ал үйленгеннен кейін екінші адам үшін де саған жауапкершілік жүктеледі, ақыретте екі адам үшін сұраласың. Сол үшін де ертең хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені өзімізді қатыра алмай жүргенде екінші адам үшін сұралғым келмейді", - деді Ұланғасыр Қами.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137800-konbese-almaimyn-ulangasyr-qamiding-hidzhabqa-qatysty-sozi-qyzu-talqyga-tusti-video/