Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл бұрын бет бұрдым": Adam желіде шығармашылығына қатысты сөз қозғады

Жарияланған күні:

Мирфарух Мирхидай
Мирфарух Мирхидай. Фото: instagram.com/ adamofficia1

Көпшілікке Adam лақап атымен танымал әнші Мирфарух Мирхидай желіде шығармашылығына қатысты сөз қозғады. Ол өнерге осыдан бес жыл бұрын келгенін атап өтті.

Adam жазбасын Instagram желісіндегі парақшасында үш тілде жариялады.

"Бес жыл бұрын кәсіби өнерге махаббатпен бет бұрдым. Жаратқанға шүкір, күмәнсіз, адал еңбек еткеннің келесі бекеті – жеңіс", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін "Жүрек" әнімен әлемге танылған Adam Сыртқы істер министрлігінің ізгі ниетті елшісі атанған еді.

Мирфарух Мирхидайға марапатты сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу табыстады.

"Сіздің жаһандық қатынастарды жақсарту, мәдени алмасуды ілгерілету және өзара түсіністік көпірлерін құруға деген бейілділігіңіз Қазақстанның халықаралық аренадағы дипломатия мен бейбітшілік жайлы пайымымен толықтай үйлеседі", - деп жазылған сертификатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137926-bes-zhyl-buryn-bet-burdym-adam-zhelide-shygarmashylygyna-qatysty-soz-qozgady/