Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің ата-анасы перзентханадан шыққан келініне қымбат сыйлық жасады (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлінің ата-анасы
Төреғали Төреәлінің ата-анасы. Видеодан кадр: instagram.com/ toregalitoreali

Төреғали Төреәлінің ата-анасы алтыншы баласын дүниеге әкеліп, перзентханадан шыққан келініне қымбат сыйлық жасады. Видеоны әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Әншінің ата-анасы Толқын Тұрарбекқызына Cartier брендінің білезігін берген.

"Кезінде келінімізге көлік мінгіздік. Енді, міне, кешегі туған күнінің құрметіне әрі Төреахметімізді дүниеге әкелді ғой деп, Төреш үшеуміз барып, сыйлық алдық. Мен таңдадым, келінім ұната ма, ұнатпай ма, білмеймін. Көрейік енді", - деді Төреғали Төреәлінің анасы сыйлық бермес бұрын.

Мұны көрген көпшілік келініне ілтипат көрсеткен ата-енеге тамсанды. Олар жазба астына жағымды пікір жазып қалдырды.

"Төрештің анасы қандай инабатты, салмақты болса, Толқын да дәл сондай ғибрат тұтуға тұрарлық келін", "Келіні де, енесі де керемет жандар", "Ер азаматтың сөзі жүретін отбасы осындай болады", "Келінді бағалаған керемет отбасы", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2138049-toregali-torealining-ata-anasy-perzenthanadan-shyqqan-kelinine-qymbat-syilyq-zhasady-video/